Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қостанай облысы Алтынсарин ауданы Большая Чураковка ауылындағы кітапханада "Большая-Чураковка жалпы білім беретін мектебінің еңбек ұжымымен кездесті,деп хабарлайды Turkistan Today.
Кездесуде облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар ауыл тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.
Еңбек ұжымының өкілдері сайлауалды бағдарламаның өздеріне қатысты тұстарын пысықтап, өзекті мәселелерді көтерді. Оның ішінде жұмыс орындарының жетіспеушілігі, жол мәселелеріне қатысты сұрақтар қойып, үміткерлердің тұщымды жауабын алды.
Сондай-ақ, ауылдағы мектеп директоры балаларға арналған спорт алаңын салуға қаражат бөлу керектігін айтты. Өз кезегінде үміткер Бауыржан Тебеев «AMANAT» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыспен қамтуды сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру үшін бар күшін салатынын жеткізді.
–«Спорттық инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына және бос уақытын тиімді өткізу мүмкіндіктерін төмендететіні анық. Балалар үшін спорт объектілері мен секцияларының қолжетімділігін арттыру мақсатында сайлауалды бағдарламада 45-тен астам спорт клубтарын ашу көзделген», – деді үміткер Бауыржан Тибеев.
Сапалы жолдар – бұл әр аймақтың негізгі өмірлік күре тамырлары. Қазіргі уақытта жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі - 85% құрайды. Сонымен қатар, өңірдегі кентішілік жолдардың 50,8%-ы қанағаттанарлықсыз жағдайда. «AMANAT» партиясы алдағы 5 жылда автожолдарды салу мен жөндеуге қол жеткізуге ниетті.
–«Облыстық және аудандық маңызы бар елді мекендердің көшелерін жөндеу, қалалық және қала маңындағы маршруттарды ұйымдастыру үшін 104 автобус сатып алу жолымен автобус парктерін жаңартылады. Бұл шаралар 2027 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесін 85%-дан 99%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді» , – деп атап өтті облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Жұмаш Айтжанұлы.
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.