"Amanat” партиялық бақылау комитетінің мәжіліс өтті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 22 мамыр, 2023


"AMANAT” партиясы Орталық аппаратының ұйымдастыруымен  бүгін республикалық Партиялық бақылау комитетінің өңірлермен ZООМ байланысы арқылы мәжілісі өтті.

Жиынға "AMANAT” партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, "AMANAT” партиясы Түркістан облысы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Алмас Салимов, облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы, облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы Тұрғанбек Оспанов және облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы Асқар Еркінбеков қатысты, деп хабарлайды Turkistan Today.


Мәжілістің күн тәртібінде ««Өңірлерде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы, оның ішінде ауылшаруашылығы саласы кәсіпкерлеріне мемлекеттен берілетін субсидияның тиімді игерілуі мақсатында жүргізіліп отырған жұмыстар» қаралды.

​Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Түркістан облыстық Партиялық бақылау комиссиясы тарапынан осы уақытқа дейін мониторинг жұмыстары жүргізілген. Осыған орай мәжіліс отырысында қазіргі таңда орын алып отырған бірқатар өзекті мәселелерге қатысты ұсыныстар айтылды. 

Атап айтар болсақ, Түркістан облысы республикадағы мақта өсіретін жалғыз өңір. Мақта шаруашылығында 25 мың агроқұрылымда 70 мыңға жуық адам еңбек етеді. Облыста жыл сайын 120 мың га мақта егіліп, 300 мың тоннаға жуық шитті-мақта жиналады. Елде тоқыма және тігін өнеркәсібі дұрыс дамымағандықтан, шикі мақтаны сату бағасы Ливерпуль мақта биржасындағы мақта талшығының индексіне тікелей тәуелді. Мақта бағасының тұрақсыздығы жыл сайын шаруалардың наразылықтарын тудыруда.
Елімізде мақта талшығын терең өңдеу бойынша тек 3 кәсіпорын бар, олардың үлесіне қайта өңделген мақта талшығының 18% - дан аспайды. Сондықтан біз көрші Өзбекстан мемлекетінің мақта-тоқыма кластерін дамытудағы оң тәжірибесін пайдалануымыз керек деп санаймын, - деді Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы. 


Сонымен қатар, Үкімет тарапынан мақта-тоқыма кластерін құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдау қажет. Ол мақта шаруашылығын, оның ғылыми базасын, елдегі тоқыма және жеңіл өнеркәсіпті жүйелі дамытуды көздеуі тиіс.
Осы бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдаудың бірқатар шараларын, оның ішінде мақта өңдеу және тоқыма кәсіпорындарының салу шығындарының бөлігін инвестициялық субсидиялау және дайын өнімді экспорттайтын кәсіпорындарға салықтық жеңілдіктер қарастыру тағы басқа қолдаулар қажет.
 
Жиында сөз алған Алмас Алтайұлы, Облыста жылыжайлар көлемі 1459 гектарды құрайтындығын алға тартып,
өңірдің жылыжай шаруашылықтары көкөніс өнімдері нарығында жоғары бәсекелестікке ұшырап отырғандығын сөз етті.
 


Мәжілісте елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, отандық өндірістерді дамыту, жергілікті өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында жылыжайларды мемлекеттік қолдаудың бірнеше шараларын қабылдау қажет деп ұсыныс білдірілді.

#AMANAT
#КПК

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.