«AMANAT» партиясы білім беру сапасын арттыруға үлес қосады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 7 наурыз, 2023

Кандидаттар Қостанай ауданында студенттер және  оқытушылар құрамымен кездесу өткізді, деп хабарлайды Turkistan Today.

Сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды.

 «AMANAT» партиясы педагогтар мен медицина қызметкерлеріне сапалы жұмыс жасау үшін барлық жағдай жасайтын болады.

- Өңірдің орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының басты көрсеткіші азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен денсаулығы болып табылады. Сапалы білім беру мақсатында бірқатар білім ошақтарында жөндеу жұмыстары жүргізіледі. «AMANAT» партиясы материалдық-техникалық базаны нығайтуға және денсаулық сақтау нысандарының сапасын арттыруға баса назар аударады, - деп атап өтті кандидат Бибігүл Аққожина.

Кездесу соңында кандидат Аслан Дабылов колледждер салалық құзыреттілік орталығына айналуға тиіс, озық жабдықтармен қамтамасыз етілуге тиіс екенін атап өтті.

«AMANAT» партиясы 180 колледждің шеберханалары мен зертханаларын заманауи жабдықтармен және білікті кадрлармен толық жаңартпақшы.

   Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

1.5k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.