“Amanat” партиясы медицина саласын қолдайды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 7 наурыз, 2023

«Сайлауалды бағдарлама осы секілді кездесулер барысында айтылған ұсыныс, сауалдарға негізделген. Құжат 10 бағытта. Оның әрқайсысы әр адамның көкейіндегі мәселелерді шешуге бағытталған. Жан-жақты қамтылған бағдарлама ішінде медицина саласына да айрықша маңыз берілген». AMANAT партиясы облыстық штабы мүшелерінің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясындағы қалалық №4 емханада өткен басқосу барысында кандидат Арман Баженов осылай деп атап өтті, деп хабарлайды Turkistan Today.



AMANAT партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасында қоғам сұранысына сай айқындалған 10 міндет қатарында медициналық қызмет тарауы да бар. Денсаулық сақтау саласын түбегейлі жақсартуды көздеген партия озық медициналық көмек көрсету үшін нысан немесе маман қажетті барлық ресурстармен қамтылуы, ауыл медицинасы алға басуы қажеттігін негізге алады.


Сайлауалды штаб мүшесі, кандидат Амангеді Абдолов партиялық бағдарламаның негізгі бағыттары, сайлау жүйесіндегі жаңашылдықтар, бүкілхалықтық референдум нәтижесі, саяси реформалардың жүзеге асуы тақырыптарын қозғады.   
Бұған қоса, басқосуда жер тақырыбы, ауыл шаруашылығы саласына қажетті жер телімдерінің жеткіліксізідігі, әлеуметтік тақырыптар та талқыланды. Айтылған ұсыныс, жолданған сауалдар партияның алдағы уақыттағы жұмысы барысында назарда болмақ.   

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.