2023 жылдың 19 наурызында ҚР Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Осыған орай, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында облыстық сайлауалды штабы ашылды. Аталған іс-шараға партия мүшелері мен сенімді өкілдер қатысты,деп хабарлайды Turkistan Today.
- Өздеріңізге белгілі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қаулысымен 2023 жылдың 19 наурызында елімізде Мәжіліс депутаттары мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтетін болады. Біз бұл сайлауға үлкен жауапкершілікпен қатысып отырмыз. Бүгінгі таңға дейін, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне партиялық тізім бойынша 4 кандидат, Бірмандаттық сайлау округі бойынша 3 кандидат, облыстық мәслихатқа партиялық тізіммен 41, бірмандаттық сайлау округі бойынша 23 кандидат, қала, аудандардағы бірмандаттық сайлау округтері бойынша партия атынан 283 кандидат ұсынылып, тіркеуден өтті. Біздің міндетіміз – ұсынылған кандидаттардың саяси додада жеңіске жетуіне мүмкіндік жасау. Осыған байланысты 1 облыстық және 17 аудан, қалалық штабтар жасақталды. Облыстық қоғамдық штаб құрамы 99 адамнан тұрады. Аудандық, қалалық штабтарда 817 адам адам бар, - деді іс-шарада сөз алған Түркістан облыстық сайлауалды штабының басшысы Алтынсары Үмбетәлиев.
Штаб төрағасының айтуынша, сайлауалды науқанда штабтың жұмысын жүйелі ұйымдастыруға бағытталған, құрамында 132 адамы бар ұйымдастыру штабтары құрылған. Оның ішінде 30 адам облыстық, 102 адам аудандық және қалалық штабтарда. Облыстық штабта ұйымдастыру, саяси, қоғамдық қабылдау, заңгерлік бөлімдері мен баспасөз қызметі жұмыс істейді. Одан бөлек, «Жастар рухы» жастар қанатының 755 мүшесінен құралған белсенділер тобы жасақталды.
Сонымен қатар, өңірдегі сайлаушылардың 62 %-ын, яғни 730 843 адам қамтитын 4531 іс-шарадан тұратын желілік кесте бекітілді. Бір күнде орташа есеппен аудан, қалаларды қоса алғанда 54 іс-шара өткізіледі деп жоспарланған. Одан бөлек, желілік кестеге сәйкес, аудан, қалаларда республикалық, облыстық дәрежедегі бірнеше іс-шара өткізіледі. Осы орайда партияның Түркістан облысы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасы бекітілгенін атап өту қажет. Бағдарлама 4 бөлімнен, 15 бағыттан, 132 іс-шарадан тұрады. 2771 сенімді өкіл облыс көлеміндегі 919 сайлау учаскесіне бекітілген.
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.