"AMANAT”: Түркістандық кандидаттар халықтың талап-тілектерін қабылдады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 25 ақпан, 2023

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық штабындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткерлер Әбдібақыт Мақұлбаев, Шырынбек Оңғаров және облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Инара Намазбаева, Жансерік Жұман, сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Ғаппар Сәрсенбаевтың қатысуымен Түркістандағы «Қуаныш» орталық базарында шаһар тұрғындарымен кездесу өтті. 

Қоғамдық қабылдауға 45 азамат келіп, кәсіпкерлік, тұрғын үй және жер, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, несие, әлеуметтік  және денсаулық мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлерін білдірді.

19 ақпанда басталған мұндай кездесулер әр сенбі сайын халық көп шоғырланған "Қуаныш" базарында 11 наурызға дейін жалғасады. 

Жалпы, 19 наурызда өтетін ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына орай «AMANAT» партиясының өңірдегі барлық қоғамдық қабылдау бөлмелері халықты ұсыныстары мен тілектері бойынша қабылдап жатыр. Тиісінше, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне қазіргі уақытқа дейін облыс бойынша тұрғындар тарапынан 1213 ұсыныс-тілек келіп түскен.

Айта кетсек, Республика бойынша «AMANAT» партиясының 238 қоғамдық қабылдау бөлмесі тұрғындар үшін жұмыс атқарады. Сұрақтар болған жағдайда, партияның 8-800-080-44-41 жедел байланыс нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз!
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

1.3k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.