Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қостанай облысы Сарыкөл ауданындағы аудандық кітапхананың еңбек ұжымымен кездесті,деп хабарлайды Turkistan Today.
Сарыкөл ауданының тұрғындары кандидаттарғаөздерін толғандыратын сұрақтарын қойды. Тұрғындардың өтініштері балалардың қауіпсіздігі, жұмыс орындарының жетіспеушілігі және жастардың жұмысқа орналасуына қатысты болды.
–«Жастар – еліміздің болашағы. Біздің ауданның жастарына тұрақты жұмыс қажет. Олардың әлеуетін мемлекеттік қолдау мен ынталандыру өте маңызды деп санаймын», – деп атап өтті Сарыкөл ауданының тұрғыны.
Кездесуде кандидаттар аудан тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Тұрғындардың әрбір мәселесін назарға алып, алдағы сайлауға қатысуға шақырды.
–«Біз оқу бітірген жастарды жұмысқа орналастыру үшін «Жастар практикасы» бағдарламасын жалғастырамыз. «Жасыл Ел» жобасы аясында жыл сайын 30 мың жасты жұмысқа орналастыру үшін мүмкіндіктер жасаймыз, бұл ретте аталған шарамен кемінде 10 мың ауыл жастары қамтылатын болады.Биыл «AMANAТ» өзінің партиялық жобасы аясында үш жүз мың жасты жұмысқа орналастыружәне өзін - өзі жұмыспен қамтығандардыәлеуметтік қолдауды қамтамасыз ететін орталықтар құрылатын болады», – деп атап өтті кандидат Бауыржан Тибеев.
Тұрғындардың бірі аудан орталығында қаңғыбас иттер көп екенін айтып шағыманды.
–«Мен балаларды үйдің жанындағы аулаға ойнауға, мектепке, қосымша сабақтарға жіберуге қорқамын. Осы мәселе мені қатты алаңдатады», – деді аудан тұрғыны.
Кандидат Жұмаш Айтжанұлы елді мекендерде тұрудың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету партия үшін басты міндеттердің бірі болып табылатынын атап өтті.
–«AMANAT» партиясы әрбір өтінішке сай барлық қажетті шараларды қабылдайтын болады. Партия жауапкершіліктен қашпайды және іске асырылатын нақты жоспарларды ұсынады», – деді ол.
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлауда партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясының сайлау қорының қаражатынан төленді
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.