Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен жүргізілген мониторинг барысында 7 мемлекеттік органның басшылары жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзу фактілеріне жол бергені анықталды.
Нәтижесінде, аудан әкіміне, облыстық басқарма басшысына, 2 ауыл әкімі мен 3 бөлім басшысына жалпы 1,7 млн теңге мөлшерінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Turkistan Today.
Олар мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа заңмен талап етілетін декларацияларсыз қабылдаған.
Мемлекеттік қызметке кірген кезде қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында декларация тапсыру міндетті шарт болып табылады.
Заң бұзған жергілікті атқарушы органның лауазымды тұлғалары ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабында көзделген бұзушылықтарды жасағандарын мойындап, санкцияда көрсетілген айыппұлды 50% мөлшерінде төлеуге келісті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.