Қарағандыда Бөкетов есімі ұлықталды

Е.А.Бөкетов Атындағы Қарағанды Университеті
Е.А.Бөкетов Атындағы Қарағанды Университеті
Түркістан 25 сәуір, 2025

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің ректорат конференц-залында университет пен Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою салтанаты өтті

Аталған рәсім — академик Е. А. Бөкетовтің 100 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған маңызды бастамалардың бірі ретінде өткізілді. Бұл құжат қос тараптың ғылым, білім және мәдениет салаларындағы байланысын нығайтуды мақсат тұтқан елеулі қадам ретінде бағаланды.

Салтанатты жиында университеттің Басқарма Төрағасы – Ректоры Нұрлан Орынбасарұлы Дулатбеков құттықтау сөз сөйлеп, жаңа серіктестіктің бірлескен ғылыми жобалар, білім беру бастамалары және мәдени бағдарламалар жүзеге асыруда мол мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Шараның символдық мәні де айрықша — Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ержан Нұрланұлы Нұрмағамбетов – аталмыш университеттің түлегі. Оның туған оқу ордасына серіктес ретінде оралуы – университет пен оның түлектері арасындағы рухани сабақтастықтың жарқын көрінісі ретінде қабылданды.

Университет тарихы музейінің директоры Қарлығаш Айтбайқызы Тұрсынбаева өз сөзінде университет жанындағы музейлердің тарихи жады мен ғылыми мәдениетті қалыптастырудағы маңызды рөліне тоқталды. Ол музейлердің тек жәдігерлер сақтайтын орын ғана емес, өткен мен бүгінді байланыстыратын интеллектуалдық әрі құндылықтық кеңістік екеніне назар аударды.

Сөз соңында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Салават Қамшыбайұлы Кентбек меморандумның гуманитарлық білім беру кеңістігіндегі рөліне тоқталып, университетті – интеллектуалдық алаң, музейді – ұлт жадысының сақтаушысы ретінде сипаттады. Оның айтуынша, осындай серіктестік қоғам мен уақыт арасындағы диалог орнатуға, ұрпақтар сабақтастығын терең ұғынуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.