Арыс қаласында көктем басталғалы бері шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде,- деп хабарлайды turkistan.today
Биылғы жылы бұл шаралар наурыз айынан басталып, жоспарға сәйкес шілде айына дейін жалғасатын болады. Арыс қаласына қарасты елді мекендер үш секторға бөлініп, әрқайсысында нақты жоспар негізінде жұмыстар ұйымдастырылған. Атап айтқанда, №7 секторға Байтоғай, Қожатоғай, Шөгірлі, Ақын-Жақып елді мекендері, №8 секторға Байырқұм, Көкжиде, Жиделі, ал №9 секторға Аққала мен Жосалы елді мекендері кіреді.
Бүгінгі таңда ғылыми топтың қорытынды нұсқамасына сүйене отырып, дезинсекция жұмыстары екі түрлі әдіспен жүргізілуде. Дернәсілдермен күресу үшін суқоймаларға биологиялық препараттар жіберу әдісі қолданылса, шіркейлердің шоғырлану қаупі жоғары аймақтар — су қорғау аумақтары, жағалаудағы ағаштардың бұталары, елді мекендер мен оған жақын орналасқан 10-15 шақырым жерлер химиялық әдіспен залалсыздандырылуда. Әр секторда арнайы техника мен білікті мамандар жұмылдырылған: 2 дана дезинсекциялық техника, 5 дезинфектор маманы және 1 ғылыми сүйемелдеуші маман тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.