Арыста «Таза Қазақстан» акциясы аясында кезекті сенбілік өтті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 26 сәуір, 2025

Бүгін Арыс қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кезекті жалпы қалалық сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында жол жиектеріндегі арамшөптер оталып, көшелер мен қоғамдық орындардағы қоқыстар жиналып, санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді,- деп хабарлайды turkistan.today

Ауқымды сенбілікке мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, мекемелер мен кәсіпорындардың ұжымдары, теміржол саласының қызметкерлері, сондай-ақ әскери бөлімдердің сарбаздары белсенді атсалысты. Сонымен қатар, «Khazakh Real Stroy» мекемесі қала орталығындағы көшелерге 3000 түп алуан түсті гүл отырғызып, Арыстың көркіне көрік қосты.

Қала тазалығына діни қызметкерлер де өз үлесін қосты. Олар «Стадион» тұрғын ауданындағы мазарат аумағында тазалық жұмыстарын жүргізді. Ал әскери бөлімдердің сарбаздары өз аумақтарында тал түптерін әктеп, арамшөптерді орып, көгалдандыру шараларын іске асырды.

Сенбілік жұмыстарын қала әкімі Қайсар Маңқараев өзі бақылап, тазалыққа белсене қатысқан ұжымдар мен тұрғындарға алғысын білдірді. Әкім алдағы уақытта қала орталығында тұрғындарды кеңінен тарта отырып, бұқаралық тазалық акцияларын өткізу қажеттігін айтты. Сонымен бірге, туған жерге деген сүйіспеншілікті іс жүзінде көрсетуге және ортақ жауапкершілікпен қаланың тазалығы мен тәртібіне үлес қосуға шақырды.

Арыс қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы экологиялық іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғаса бермек. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.