Қаржаубай Нұрымов заңсыз алкоголь сатқан

Түркістан 18 сәуір, 2025

Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полатты өлтіру және оның нағашы ағасын жаралау ісі бойынша басты сот отырысы жалғасуда. Бүгін сотта қылмыстық іс бойынша жәбірленушілер тараптардың сұрақтарына жауап беріп жатыр,- деп хабарлайды turkistan.today

Азамат пен Нұрбол Тоқтаубаевтардың мүддесін қорғайтын адвокат Бабажанованың сұрағына жауап берген Қаржаубай Нұрымов қылмыс болған күндері алкоголь өнімдерін сату лицензиясын енді ғана рәсімдей бастағанын айтты.

— Иә, айыппұл салынды, мен оны төледім. Бірақ сол кезде біз лицензияны енді ғана рәсімдей бастаған едік. Уақыт жетпей қалды, содан кейін лицензиядан бас тарттық. Осыған байланысты сот болды, біз айыппұл төледік, — деді Нұрымов.

Сондай-ақ Дархан Әскентайдың қорғаушысы — адвокат Антай Қалиева Нұрымовтың сыраны сағат нешеге дейін сатқанын сұрады.

— Заң бойынша сағат 23:00-ге дейін сатуға болады. Кейде таныстарымыз мазалайды, бірақ жиі емес. Осындай уақытта таныстар келіп, сұрап жатады. Сол кезде сататынбыз. Мұны мойындаймын. Бірақ сол үшін айыппұлды төлеп қойғанмын, — деп жауап берді Қаржаубай Нұрымов.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.