Астанада отырған мемлекеттік қызметкерлер ауылдарға жіберіледі

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Жаңалықтар 9 наурыз, 2023

Сенаторлар мемлекеттік қызметшілердің ротациясын енгізу жүйесін мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Жоғары палата спикері Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заңмен орталық пен өңірлер арасында кадрлық ротация жүргізу шаралары бекітіліп отыр, деп Turkistan Today хабарлайды  altyn-orda.kz дереккөзіне сүйене отырып.

«Бүгінде министрліктердегі көп азамат өңірлерде жұмыс істемеген, тәжірибесі жоқ. Өңірлерде не болып жатқанын біле бермейді. Ал министрліктерде қабылданатын барлық шешім өңірлердің мүддесін, өңірлердің жағдайын ескеріп, қабылдануы керек. Осы мақсатта ротация механизмі жұмыс істейді деп сенеміз», — дейді Әшімбаев.

Спикер өңірлер арасындағы ротацияны да қамту керектігін ерекше атап өтті.

«Мысалы, батыстың азаматтары шығысқа барып жұмыс істейтіндей мүмкіндік болуы керек. Солтүстіктегі азаматтар оңтүстікке барсын. Соған жағдай жасауымыз қажет. Бұл елімізді біртұтас мемлекет ретінде дамытуға өз үлесін қосатын қадам екені сөзсіз», — деп атап өтті Әшімбаев.

Айта кетері, мемлекеттік қызметшілерді ротациялау кезінде тұрғын үйді жалдау мақсатында ротациялық төлемдер беріледі деген жоспар бар.

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.