Астана қаласындағы OzgeEpic креативті хабында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен белгілі отандық режиссер, «Шексіз мүмкіндіктер» трилогиясы авторларының бірі әрі продюсері Әзиз Заировты еске алу кеші өтті,- деп хабарлайды turkistan.today
Аталған трилогияға «Болу ма, жоқ па?», «Қыз бен теңіз» және «Анашым, мен тірімін!» атты әлеуметтік драмалары енген.
Әзиз Зайровты еске алуға режиссердің достары мен жақындары, оның шығармашылымен таныс барша қауым, сондай-ақ танымал трилогияның түсірілім тобы келді.
Айта кетелік, Әзиз Заиров 2014 жылы «Шексіз мүмкіндіктер» жобасы бойынша жұмысты Мұхамет Мамырбековпен бірге «Болу ма, жоқ па?» фильмінен бастаған. 2019 жылы трилогияның екінші бөлімі – «Қыз бен теңіз» көрерменге жол тартты. Ал соңғы бөлімі «Анашым, мен тірімін!» фильмі Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен түсіріліп, 2024 жылы жарық көрді. Сол жылы Әзиз Заиров өмірден өтті.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.