Астанадағы алғашқы бес жұлдызды қонақүй ғимаратының иесі табылды, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Енді бұл нысанда оқу аудиториялары болады. Бұрынғы қонақүй Денсаулық сақтау министрлігіне берілді.
25 жыл бұрын есігін айқара ашқан қонақүйдің атауы «Интерконтиненталь» болған. Бұл жер түрлі мемлекет басшылары мен дипломаттар, өзге де беделді қонақтар тоқтайтын орын болатын.
Арада біраз жыл өткенде оның атауы «Рамада Плаза» болып өзгеріп, 2018 жылға дейін жұмыс істеді.
Ал пандемия кезінде қонақүй ауруханаға айналды. Енді бұл жерде студенттер білім нәрімен сусындайды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.