19 наурызға бекітілген Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына «AMANAT» партиясының Индер ауданы №10 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Саламат Идрисов сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды Turkistan Today.
Индербор кентінің орталығында ауданның белгілі тұлғалары, қоғам белсенділері, жастар және сенімді өкілдерінің жиналуымен кандидаттың шағын штабы құрылып, барлық заңдылықтарды сақтай отыра сайлауалды бағдарламасын халыққа насихаттау жұмысы талқыланды.
Күн тәртібіне сәйкес кандидат Саламат Нұрмұханұлы сайлауалды насихат жұмыстарын атқару мақсатында Индер ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, жұртшылықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, елді мекеннің сән-салтанат құрып көркеюіне, демографиясы мен мәдениетінің дамуына негіз болатын бірден-бір денсаулық, білім және мәдениет екенін ескере отыра, аудан ауруханасының, М.Әуезов атындағы орта мектептің, мәдениет үйі мен кітапхананың қызметкерлерімен кездесті.
Үгіт-насихат жұмыстарының төртінші күні AMANAT» партиясының Индер ауданы бойынша Атырау облыстық мәслихаты депутаттығына кандидат Саламат Идрисов Елтай, Ынтымақ және Есбол ауылының тұрғындарымен кездесуін жалғастырды. Кездесу барысында жұртшылыққа ауылдың әл-ауқатын көтеру мақсатында жүзеге асырылатын сайлауалды бағдарламамен таныстырып, көптің көкейінде жүрген бірнеше сауалдарға жауап беріп, ауылдықтардың талап-тілектерін саралады.
AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы
AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.