Ауыл шаруашылығын дамытуда кешенді жобалар жүзеге асады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 22 ақпан, 2023

«AMANAT» партиясы атынан Қызылорда облысы мәслихаты депутаттығына үміткерлер өңіріміздегі «Абай Дәулет» ЖШС күріш ақтау өндіріс орынының ұжымымен кездесті. Мұнда үміткерлер партияның ауыл шаруашылығын дамыту және ірі бизнес нысандарын қолдау бағытындағы кешенді жобалары жөнінде таныстырып осы бағыттағы атқарылатын жұмыстарды талқылады, деп хабарлайды Turkistan Today.


Мәселен, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мақсұт Нәлібаев зауыт жұмысшыларымен жүздесу кезінде тұрақты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту мәселесін көтерді. 


«Өңірде күріш, көкөніс, бақша дақылдарын өсіруге қолайлы жағдай бар, сондай-ақ жайылымдық жерлерді жыл бойы мал азығына пайдалану мал шаруашылығын дамытуға септігін тигізеді. Сонымен бірге, облыс аумағында 104 көл мен шағын Арал теңіз балық шаруашылығын дамытуға да мүмкіндік береді. Сол үшін біз жеке бастама мен нарықтық экономика күшіне нық сенеміз. Алдағы уақытта отандастарымыз «Қазақстанда жасалған» таңбасы бар тауарлардың жоғары сапасымен мақтанатын боламыз»,-деді Мақсұт Нәлібаев.


Өндіріс орнында 180-нен астам жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Басты ерекшелігі – күріш ақтаумен қатар оның қауызын ұнтақтап, қалдықсыз өнім шығаруға бейімделген. Бұл мал шаруашылығы үшін тиімді.


«AMANAT» партиясы «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасын жариялады. Ол қоғамда әбден қайнап, пісіп-жетілген проблемаларды шешудің нақты жолы. Партия әрбір азаматтың ұсыныс-пікірін тыңдауға, толғандырған мәселесінің шешімін табуына және жан-жақты қолдау көрсетуге дайын. Сондықтан 19 наурызда «AMANAT» партиясын қолдап дауыс беруге шақырамын»,-деді облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Айсұлу Қасымова. 


Партиялықтар еңбек адамына деген құрмет,  жалақыны өсіру, құқық қорғау саласын күшейту мәселелерін егжей-тегжей түсіндіріп, елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ұжым мүшелерінің ұсынысын білді.


Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.