Айнұр Тұрсынбаева немересіне ерекше есім қойды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Шоубизнес 17 маусым, 2023

Айтыскер ақын, бүгінде нәзік жандыларға мотиватор болып жүрген Айнұр Тұрсынбаева немерелі болды, деп хабарлайды Turkistan Today.

Өткен жылы ұлын үйлендіріп, Түркия елінде дүркіретіп той жасаған еді. Біраз уақыттан соң ұлы мен келіні болашақ сәбилерінің жынысын білу үшін, гендер пати ұйымдастырған еді. 
Бұл туралы алғашқылардың бірі брлып, құттықтауды әнші құрбысы Индира Расылхан әлеуметтік желіде жазды.
“12.09.2022 жылы барша қазақ елі Айнұрдың келін түсіріп, үш күн бойына екі жастың қуанышты тойының куәсі болған едік. Тапжылмай күнде той көріп, тойдың ішінде жүргендей атмосферада болғандарыңыз есімде. Той естеріңіздер ме? Ал бүгін сіздер тілекші болған екі жас сәбилі, Айнурка немерелі болып жатыр.
Әлем Бекланұлы Машааллах, есімнің өзі қандай тамаша! Әлем бағындыратын Әлем болсын. Дені сау, өмір жасы ұзақ болсын!”,-деп жазды.

Естеріңізге сала кетсек, былтыр айтыскер ақын ұлының тойын Түркияда дүркіретіп өткізген болатын. Келген қонақтарға бриллиант көздерімен әшекейлер таратқан. Құда-құдағиын яхтада күткен. Ал ол тойға елімізге танымал өнер жұлдыздары қатысқан еді.

2.1k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.