«Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» РҚБ-не 20 жыл

Фото: Түркістан облыстық мәслихаты
Фото: Түркістан облыстық мәслихаты
Түркістан 31 мамыр, 2025

Осыған орай еліміздегі облыстық мәслихат төрағалары мен аппарат басшылары, қоғамдық бірлестіктің өкілдері Жетісу облысында бас қосты,- деп хабарлайды turkistan.today

«Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Мұқашев Төлеубек Төлеуұлының арнайы шақыртуымен Түркістан облысыннан мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов пен облыстық мәслихаттың аппарат басшысы Мақсат Исаев арнайы барып, бірқатар тағылымды іс-шараларға қатысты. 

Кездесудің алғашқы күнінде Төлеубек Төлеуұлы бастаған делегация Сарқан ауданы Қойлық ауылындағы «Нұрбек», «Туралыков», Фисюков Ю.В. жеке қосалқы шаруашылықтарының жұмысымен танысты. 

Мәслихат төрағалары шаруа иелеріне мемлекет тарапынан кәсіпкерлік саласына көрсетілетін қолдаулар мен жаңа мүмкіндіктерді түсіндіріп, өз кеңестерімен бөлісті. 

Іс-сапардың екінші күнінде делегаттар  Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласындағы әлеуметтік-мәдени нысандарға барды. Атап айтсақ, Үстел теннис орталығы, Талдықорған қаласының орталық бассейні, Валейбол оқу-жаттығу кешені, «Jetisu» медиа орталығы мен «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы және Б.Римова атындағы драма театрдың тыныс-тіршілігімен танысып, тәжірбие аласты. 

Сондай-ақ бұл күні «Қазақстан мәслихат депутаттары бірлестігі»республикалық қоғамдық бірлестігінің отырысы өтті. 

Жиынды Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы, РҚБ облыстық филиалының төрайымы жүргізіп отырды. 

«Қазақстан мәслихат депутаттарының бірлестігі» РҚБ төрағасы Төлеубек Мұқашев пен «Мемлекеттік және жергілікті басқару институты» коммерциялық емес білім беру мекемесінің ректоры Әбікен Тоқтыбеков бірлестіктің атқарған жұмыстары мен қызметі туралы баяндады. 

Жетісу облысы әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әлібек Жақанбаев елімізде мәслихаттар маңызды рөл атқаратынын және өңірдегі депутаттармен бірлесе атқарлған жұмыстарды атап өтті. 

Басқосуда Сенат жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл кеңесінің кеңейтілген отырысында айтылған ұсыныстарды іске асыру туралы айтылды. Сонымен қатар мәслихат төрағалары өз ұсыныстарын жеткізді. 

Жиынның қорытындысы бойынша Мемлекет басшысының реформаларын сапалы іске асыру үшін депутаттар өз сайлау округтерінде белсенді, жан-жақты жәрдем көрсету, Қазақстан мәслихаты депутаттарының ҚР Парламентіне заңдарға өзгерістер енгізу бойынша жіберген ұсыныстарының орындалуына қатысу, қадағалау, ауылдарды жандандыру бойынша пилоттық жобаларды енгізу, азаматтардың игілігі үшін бюджеттік бағдарламалардың сапалы орындалуына қолдау білдіру ұсыныстары енгізілді.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.