Қазақстандағы ең ауқымды спорттық жоба Жетісу облысында бастау алды

Түркістан Бүгін, 17:45

Бүгін Талдықорған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында көптен күткен J LEAGUE жобасының ресми ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Шараның басты мақсаты – балалардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, жеңіске деген жігерін оятып, тәжірибе жинауына мүмкіндік жасау. Ашылу салтанатына қатысқан қонақтар мен жас спортшылар бұл бастаманың ауқымына тәнті болды.

Жоба аясында 887 команда тіркеліп, 8870 бала қатысуға өтінім берген. Қатысушылар футбол, волейбол және баскетбол спорт түрлері бойынша бақ сынайды.

Жарыстар әр аудан мен қаланың орталықтарында өтеді. Өз аймағында жеңімпаз атанған командалар ақтық кезеңде өнер көрсетіп, шешуші ойындарда Талдықорған төрінде бас қосады. Жексенбі мен сенбі күндері өтетін бұл ауқымды дода – Жетісу өңірі спортын дамытуға бағытталған тың бастамалардың бірі. 

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоба алдағы жылдары да жалғасып, балалар спортының жаңа деңгейге көтерілуіне серпін береді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.