«AMANAT» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандитаттар үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін кандидаттар қаладағы «Жайна» сауда үйінде экспромт-кездесу өткізіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі тармақтары, олардан күтілетін нәтижелер, басымдық берілген бағыттары туралы кеңінен насихаттады.
Экспромт-кездесуде облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Айсұлу Қасымова «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасында қоғамның сұраныстарына орай партия атқаратын 10 негізгі міндет айқындалғанын жеткізді, деп хабарлайды Turkistan Today.
«Партияның түпкі мақсаты – халықтың тұрмысын жақсарту. Яғни, әлеуметтік қолдау түрлерінен бастап, ауылды дамыту, жастарды демеу, экологияны жақсарту, су, жарық, жол, интернет желісі секілді игіліктерді баршаға қолжетімді ету»,- деді үміткер Айсұлу Қасымова.
Бағдарлама аясында атқарылатын жұмыстарға кім жауапты, қанша қаражат қажет, ақша қайдан бөлінеді, іс-шаралардың жүзеге асырылу мерзімі қандай деген сауалдарға толыққанды жауап ұсынылған. Яғни, халықтың сұраныстарын сапалы, уақытылы қанағаттандыру мақсатындағы кешенді жұмыстарды айқындап отырған маңызды құжат. Бұл бағдарламаның облыстық, қалалық, аудандық деңгейде жасақталғаны да – әр аймақтың күрмеулі мәселелерін нақты шешу үшін әсер ететін негізгі тетік.
«Біздің партия халыққа ең жақын жүрген ұйым.
Барлығы елдің ішіндегі мәселеге құлақ асып, халықтың ұсыныс-тілегін тыңдағаннан кейін жасалған біздің сайлауалды бағдарламамыз өзектілігін жоймақ емес. Бүгінде ел ішінде қарапайым тұрғындарды әлеуметтік мәселелер толғандырып отырғандығы жасырын емес. Сол үшін біз бар мүмкіндігімізді пайдаланып, тұрғындардың мәселелерін шешуге атсалысуымыз біздің мақсатымыз болып табылады»,-деді кандидат Гүлнар Есқалиева.
Сауда үйіндегі эскпромт-кездесуде осындай маңызды мәселелерді қозғаған кандидаттар «AMANAT» партиясының алдағы уақытта да тұрғындардан түскен талап-тілектер аяқсыз қалмайтындарын айтып, алда өтетін сайлауға белсене қатысып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды.
Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.