Балалардың психологиялық саулығы – болашақтың берік іргетасы

Түркістан 28 сәуір, 2025

Қазіргі қоғамда балалардың тек физикалық қауіпсіздігі емес, психологиялық қорғалуына да ерекше мән берілуде. Түркістан облысында бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, балалардың жан дүниесін қорғауға арналған арнайы шаралар күшейтілді. Өңірдің білім басқармасы аталған жұмысты тұрақты бақылауда ұстап, мектептер мен отбасылар арасындағы үйлесімділікті арттыруда,- деп хаабарлайды turkistan.today

Осы мақсатта облыстық психологиялық қолдау орталығы I тоқсан қорытындысына арналған «Балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында әдістемелік мәжіліс өткізді. Жиынға өңірдегі психологтар, әлеуметтік педагогтар мен білім бөлімдерінің әдіскерлері қатысты. Онда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен жұмысты күшейту, мектепішілік есеп жүргізуді жүйелеу, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, сондай-ақ осындай жағдайға тап болған балаларға дер кезінде көмек көрсету мәселелері талқыланды.

Психологиялық қолдау орталығының директоры Оразкүл Қолдасова психологтар мен әдіскерлердің жұмыс сапасын арттыру қажеттігін атап өтіп:

– Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, буллинг пен кибербуллинг фактілерін ерте анықтап, тиісті көмек көрсету маңызды. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен жұмысты жандандырып, мектептердегі бақылауды күшейту қажет, – деді.

Бұл орталық 2024 жылдың шілдесінде облыс әкімінің қаулысымен құрылған. Оның негізгі мақсаты – балалардың, ата-аналардың және педагогтардың психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған бірыңғай жүйені дамыту. Мұндай орталықтардың пайдасы зор: олар бала мен ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты жақсартып, кикілжіңдерді ерте кезеңде шешуге көмектеседі. Психологтардың көмегі арқылы балалар өз эмоцияларын басқаруды, қиын жағдайлардан шығу жолдарын үйренеді.

Психология – тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның денсаулығына әсер ететін маңызды сала. Бала кезіндегі психологиялық жарақаттар ересек өмірде түрлі мәселелерге алып келуі мүмкін. Сондықтан профилактикалық жұмыстардың мәні ерекше. Мұндай шаралар балалардың бойында сенімділік қалыптастырып, олардың өзін қоғамда қауіпсіз сезінуіне ықпал етеді.

Түркістандағы бастама – балалардың психологиялық саулығын нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Бұл жұмыстар ұрпақтың жан-жақты дамуына, қоғамның тұрақтылығына және елдің болашағына берік іргетас қалауда.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.