Бәрекелді! Түркістандық депутат үй сыйлады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 19 мамыр, 2023

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылының тұрғыны Гүлзат Шайхұстанова облыстық мәслихат депутаты Мағауия Тұрысбековтің демеушілігімен салынған жаңа баспанаға қол жеткізді. Бұған дейін өзінің жеке үйі болмаған, қазіргі таңда жолдасымен бірге жалдамалы пәтерді паналап отырған І топтағы мүгедектігі бар баспана иесіне аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғын үй кілтін табыстап,  қоныс тойымен құттықтады, деп хабарлайды Turkistan Today.

– Біздің жағдайымызды, жеткізген мұң-мұқтажымызды елеп, ескеріп осы игі істі ұйымдастырып отырған облыс әкіміне, аудан басшысына үлкен рахмет. Қатты қуанып отырмын. Бақытты болыңыздар, – деді қуанышын жасыра алмаған жаңа үйдің иесі Гүлзат Темірханқызы. 

Аудан орталығынан берілген жаңа үйге асхана жабдықтары орнатылып, су, жылу сынды коммуналдық қызметтері жүргізілген. Бау -бақша өсіруге арналған жері бар. Жер учаскесі қосалқы шаруашылықты дамытуға мүмкіндік береді.  Мүгедектік арбамен үйіне кіріп-шығуға қолайлы болу үшін пандус қойылып, бар мүмкіндік жасалған.

1.5k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.