Танымал продюсер соңғы кезде желіде орана бастаған нәзік жандыларға қатысты өз пікірімен инстаграм парақшасында бөлісті, деп Turkistan Today жазады KYN.KZ сайтына сілтеме жасап.
«Мен мойындаймын, бұндай киіммен фильмге түсу кезінде өзімді ыңғайсыз сезіндім. Басым, құлағым ауырды, денемді бос сезінгім келді. Маған әлі де еркін стиль, қысқа белдемшелер ыңғайлы екеніне көзім жетті. Бүгін әлеуметтік желілерде оранған қыздар үн қатты, олар «біздің құқығымызды таптады», деп пікірлерін айтуда.
Исламның кең таралуымен киімнің тиісті түрімен зайырлы қыздардың құқықтары мен бостандықтары таптала басталғанын атап өткен жөн, енді қысқа белдемше — азғындықтың символы. Сонымен қатар көптеген адамдар дәл солай ойлайды.
Мен жай ғана бітімге келуді және бір-бірімен сыйластықпен өмір сүруді, әркімнің таңдауын құрметтеуді ұсынамын. Мен тыйым салудың кез келген түріне қарсымын. Жабық киінгіңіз келсе киініңіз. Алайда қысқа шорты киген қыздарды қолыңызбен шұқып көрсеткенді доғарыңыз.
Негізі бәріміз Қазақстанда, ортақ аспан мен ту астында өмір сүріп жатырмыз. Медальдың екі жағы бар және ешкім ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін білмейді, біз жай ғана адамбыз. Біз Конституция бойынша өмір сүріп жатқанымызды еске салғым келеді, яғни діни нормалар емес, азаматтық құқықтар бірінші кезекте сақталатын зайырлы елде, бірақ бұл дінді алып тастауды білдірмейді. Зайырлылық пен дін әрқашан қатар жүретінін көрсетеді. Мен қоғамымызда кез-келген адамның таңдауына сыйластықпен қарауды сұраймын», деп жазды продюсер.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.