Бәйдібектер экоакцияда белсенділік танытуда

Бәйдібектер экоакцияда белсенділік танытуда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында Бәйдібекте тазалық жұмыстары жалғасуда,- деп хабарлайды turkistan.today Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аудан орталығы Шаяндағы көшелер, өзен жағалауы, ғимарат аулаларына сенбіліктер өтуде. Әкімдік қызметкерлері ретсіз өскен шөптерді ору, талдардың түптерін әктеу, қопсыту, қоқыстарды тазалау жұмыстарын атқаруда.  Тазаланған қоқыстар арнайы орындарға техникалармен шығарылды.

Экологиялық акцияға аудандағы елді мекен тұрғындары да белсене қатысып жатыр. Ауылдық округтердегі мекеме аулаларына тазалық жұмыстары жүргізіліп, ғимараттар мен шарбақтарды әктеу және сырлау, көше бойларындағы қоқыстарды тазалау жұмыстары атқарылуда. Көркейту-көгалдандыру жұмыстары алдағы күндері жалғасын табатын болады.

   

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0