Серіктестер

ОСК шешімі: «Байтақ» партиясы сайлау бәсекесіне қосылды

Түркістан 20 шілде, 2026

Бүгін Астанада Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау науқаны аясында ҚР Орталық сайлау комиссиясының жетінші отырысы өтті,— деп хабарлайды turkistan.today

Оның жұмысына «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің басшылығы, ЕҚЫҰ ДИАҚБ халықаралық байқаушылары, Бас прокуратураның, Қаржы, ішкі істер және әділет министрліктерінің, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар, бейнеконференциялық байланыс арқылы елорда, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссияларының төрағалары мен мүшелері қосылды.

Күн тәртібіне сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға «Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу мәселесі қаралды.

Баяндама жасаған ОСК мүшесі Азамат Айманакумов партияның Орталық сайлау комиссиясына ұсынған құжаттарының тізбесі және кандидаттарды тексеру жөнінде комиссия жүргізген жұмыстар туралы ақпарат берді.

«Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы» қоғамдық бірлестігі 47 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының уәкілетті мемлекеттік органдарға жолдаған сұрауларына сәйкес, Құрылтай депутаттығына кандидаттардың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкестігі тексерілді. Партиялық тізімде әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар санатынан 18 кандидат бар, бұл жалпы тізімнің 38,3%-ын құрайды. Заңда белгіленген квота сақталған. Партиялық тізімге енгізілген барлық тұлғалар Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына сәйкес келеді», - деп атап өтті Азамат Айманакумов.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.