Биыл Түркістан облысында заманауи тұқымбақ ашу жоспарлануда

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 13 қаңтар, 2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды өзге елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, облыс аумағында заманауи тұқымбақ ашуды тапсырған болатын. Бүгінгі таңда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан тиісті жұмыстар атқарылуда, деп хабарлайды Turkistan Today.

Осы орайда, бүгін, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Болысбек Шәріпбеков және орман шаруашылығы мекемелерінің 
қызметкерлерінің қатысуымен мәжіліс өтті. 

Жиналыста орман шаруашылығы мекемелерінде замануи тұқымбақ ашу, елді мекендерді көгалдандыру  саласын заманауи деңгейге көтеру, сұранысқа ие көшеттерді өсіру бойынша тұқымбақ шаруашылығындағы үздік тәжірибелерді саралау және оны қолданысқа енгізу бойынша талқыланды.

Басқарма басшысының орынбасары облыстағы заманауи тұқымбақты «Жасыл аймақ» КММ-нің базасында ашу жоспарланып отырғандығын айтып, қазіргі таңда тұқымбаққа арналған жерлер нақтыланып, мемлекеттік акт алу жұмыстары жүргізіліп жатқанына тоқталды. Сондай-ақ қалған орман шаруашылығы мекемелерінде қосымша заманауи тұқымбақ бұрыштары ашылатынын жеткізді. 

Алдағы уақытта тұқымбақты ашу мекеменің тапқан табысы, үнемделген қаржылары мен инвесторларды тарту арқылы атқарылады.

Айта кетейік, облыс әкімінің тапсырмасы аясында мекеме басшылары мен салаға жауапты мамандар  Өзбекстан, Ресей елдері мен облыстардың тұқымбақтарындағы заманауи зерттелген үздік тәжірибелерді енгізу бойынша тәжірибе алмасу сапарымен барып қайтқан болатын. 
 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

677

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.