Білім саласын дамыту аса маңызды міндет

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 2 наурыз, 2023


«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісі мен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер партияның қалалық филиалында білім саласының өкілдерімен кездесіп, үгіт насихат жұмыстарын жүргізді.
Білім беру саласын дамытуда біз айтарлықтай жеңіске жеттік. Дегенмен, партиялық қабылдауда айтылатын шағымның көбі осы салаға қатысты болғандықтан, проблемалар да аз емес. Осылай деген облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұрбол Аппазов білім беру инфрақұрылымы мен мазмұнының проблемаларын шешу жолындағы нақты жоспарларды тілге тиек етті.


«Бізде әлеуметтік инфрақұрылым әлсіз. Жерлестерімізді мектеп оқушысының, мұғалім мен дәрігердің жүктемесі, білім мен медицина саласындағы олқылықтар толғандырады. Азаматтарымыз білікті маман ретінде жұмысқа қабылдануын ұзақ әрі сабылып күтіп, ізденуде. Біз бұл қордаланған мәселелерді шешуге тырысамыз. Шынында, сапалы білім алу әрбір тұрғын үшін қолжетімді болуы тиіс»,-деді Н.Аппазов
Партияның «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттары білім саласына арналып отыр. Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздарға жүктелер міндет ауқымды. Сондықтан білім саласын дамыту аса маңызды, деген кандидат Сағатбек Сиюов өзінің пікірін білдірді.


«Елімізде ұстаздар қауымына көп көңіл бөлінуде. Ұстаз мәртебесін заң  аясында бекіттік.  Ендігі мүмкіндіктер білім ошақтарының жағдайын жасап, білім сапасын арттыру. Осы бағытта партия 17 білім беру ұйымдарының ғимаратына күрделі жөндеу жүргізуге, 26 білім беру нысандарының құрылысын салу мен 4 мектепке қосымша құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаражат қарастыруды, физика, химия, биология, STEM пәндік кабинеттерімен қамтамасыз етілген негізгі және орта мектептердің үлесі 100%-ға жеткізуді мақсат етіп отыр», -деді Сағатбек Сиюов.
Мұнан бөлек, жиында сайлауалды бағдарламадағы балабақша, мектеп пен колледждерде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін арттыру жөнінде және педагог пен техникалық персоналдың біліктілігі мен жалақысының өсуін, сондай-ақ, білім беру және әлеуметтік қорғау саласының материалдық-техникалық базасын күшейтуді қамтамасыз ету жайында сөз болды.


Кездесу соңында, білім саласының өкілдері оқуға арналған ынталандырушы орта және әр оқушының жеке қарқынына сүйене отырып, мұғалімнің білімді игертуіне мүмкіндік беретін бағдарлама құру керек екендігін айтты. Және бұл үшін заманауи әдістер мен сапалы оқулықтар қажет екендігін де атап өтті. 


Қызылорда облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.