Түркістанда тағы да лагерь дауы бұл оқиға жайында журналист Гүлмира Әбіқайға оқырмандарынан шағым түскен.
Ол көріністі журналист тележүргізуші инстаграм парақшасына жариялаған деп Turkistan Today хабарлайды altyn-orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Тағы да Түркістан облысы. Шымкенттен 50 шақырым жердегі “Эдельвейс” лагері.
Оңтүстік өңірде білесіздер, бала көп орын жоқ. Дегенмен, Түркістандық тәрбиешілер оқушыларды бір керуетке екіден жатқызып сыйдырудың ебін тапқан сыңайлы.
Мына жерде жеке бас гигиенаны сөз ету тіптен артық. Ұлым лагерьге барып өзгеріп келді деп кей ата-ананың таң қалуының төркіні осында жатса керек.
Өткендегі жылаған лагерьге қатысты қортындыны жазамын деп жүргенде мына ақпарат шықты. Осы өңірге арнайы тек лагерь мәселесін дау-дамайсыз шешуге бару керек сияқты- деп жазды журналист.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.