Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инвестиция тарту жұмыстарын күшейту жөнінегі тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында ауқымды жұмыс жүруде. Облыс әкімінің бастамасымен өңір кәсіпкерлері мен аудан, қала әкімдері шетелдің өнгдіріс орындарын аралап, келісімшарттар жасады,- деп хабарлайды turkistan.today
Осы жұмыстар нәтижесінде 11 айда облыс экономикасына 1064,7 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,5%-ға жоғары.
Жыл басынан тікелей шетелдік инвестиция көлемі 685,1 млн. АҚШ долларын құрап, жылдық жоспар 1,5 есеге артығымен орындалды. Қазан айында Түркістан қаласына өткен инвестициялық форумда 127 шетелдік компаниямен 301 млрд. теңге көлемінде 35 меморандумға қол қойылды.
Биыл 134,1 млрд.теңгеге 56 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланса (2 233 жұмыс орны), 11 айда 41 жоба іске қосылып, 1 659 жұмыс орны ашылды, 99,4 млрд. теңге инвестиция тартылды. Экономиканың дамуына тың серпін беретін, жалпы құны 2,5 трлн. теңгені құрайтын 145 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылды. Оның ішінде өндірісті және ауыл шаруашылығы өнімін терең және қайта өңдеуді дамытуға басымдық берілуде. Негізгі үлес өнеркәсіп, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен және туризмге тиесілі. Аталған жобаларды іске асыру арқылы 20 мың жаңа жұмыс орнын ашып, жергілікті бюджет кірістерін қосымша 100 млрд. теңгеге ұлғайтуға мүмкіндік бар.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.