Бизнесмен Роза Әлқожаны менсінбей қызын ұлына бермей қалды

Бизнесмен Роза Әлқожаны менсінбей қызын ұлына бермей қалды

Сырлы, мұңлы әндерімен танымал әнші, сазгер Роза Әлқожа үлкен ұлы Бейбарысқа кәсіпкер азаматтың қызын бермей қойғанын айтты, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жаңа бір сіңіліммен кездескенмін. «Сіз жайлы елдің бәрі шулап жатыр, не болғанын айтып берші» деп сұрады. Бұл шу ұлыма жар таңдау туралы болатын. Мен негізі ұлыма да, қызыма да жар таңдауда асықпаңдар деп айтамын. Өйткені, үйлену - оңай, үй болу қиын. Екі жастың арасында үйлесім болмаса, ол сенімен көзқарасы бір болмаса неке түгілі, бизнесте де одақ құру қиын, - дейді Роза Әлқожа.

Ол жақында ұлын көрген бір әйел «қыз көріңдер» деп шақырғанын айтты. Сосын танысуға барған. Розаның ұлы мен қыз бір-бірін ұнатып, кездесе бастаған.

Бірақ қыздың әкесі бұл қарым-қатынасқа тыйым салыпты. Бизнесмен болсын дейтін көрінеді. Біз өзі әннен басқаны білмейтін өнерлі әулетпіз ғой. Қоя сал дедім. Бағдарламаға берген сұхбатты үзіп-жұлып беріп, мені сыртымнан тілдеп жатқандар көп екен. Мен бар болғаны «адамның басын емес, дүниесін қадірлейтіндер керек емес» дедім. Соны эфирде ашық айтпай-ақ қояйын деп «мен кінәлі бола салайыншы» деп қалып едім. Ақиқатын жазбасам - арға қиын. Ар жағын патша көңілдеріңіз білсін», - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін бағдарламалардың бірі Бейбарыс Қаба үйленуге дайын екенін айтқан. Алайда анасы ұлының ерте үйленуіне қарсы. Тіпті келінін де ұлымен бірлесіп таңдайтынын жасырмаған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like
0
dislike
0
love
0
funny
0
angry
0
sad
0
wow
0