Бүгін кандидаттар Қостанай облысының Федоров ауданы Пешков ауылында «Пешковский» шаруа қожалығы еңбек ұжымымен кездесті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 21 ақпан, 2023

Ауқымды жұмыстар нәтижесінде Қостанай облысы бойынша 2027 жылдың соңына дейін орташа жалақыны 239,7 мың теңгеден 305 мың теңгеге дейін ұлғайту, кемінде 100 мың жұмыс орнын, оның ішінде кемінде 55 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарлануда.

«AMANAT» партиясы Қостанай облыстық филиалы атынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Гүлмира Кәрімжанова «Пешковский»  шаруа қожалығы ұжымымен кездесу өткізді.  
Кездесу барысында ол «AMANAT» партиясының бақылауымен егіс алқаптарын әртараптандыру, инвестициялар тарту, жаңа технологияларды енгізу есебінен ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін бір жұмыспен қамтылғандарға 2,1 млн теңгеден 2,5 млн теңгеге дейін ұлғайтылатынын атап өтті.
–«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында «Жер аманаты» комиссиясы мемлекет меншігіне 67,1 мың гектар жерді қайтарды. Алдағы уақытта «Жер аманаты» жобасы шеңберінде 5 жыл ішінде заңсыз берілген немесе пайдаланылмаған жерлер мен жайылымдарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша жыл сайын кемінде 30 іс-шара өткізіліп, 300 мың гектардан астам жерді қайтаратын болады. Біз облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру үшін жұмыс істеуге дайынбыз. Партияның сайлауалды бағдарламаны іске асыру үшін бар күш-жігерімізді саламыз. Елімізді бірге дамыту үшін  «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырамыз!», – деді Г. Кәрімжанова. 


Үміткердің айтуынша,  сайлауалды бағдарлама негізінде 6 мың га жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізу, машина-трактор паркін жаңарту қарқынын 2% - дан 2,8% - ға дейін ұлғайту қарастырылған. 
Кездесу соңында еңбек ұжымы партияның мұндай игі бастамаларына ризашылықтарын білдіріп, әрдайым «AMANAT» партиясына қолдау білдіретіндерін  жеткізді.
Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған "AMANAT" партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.