Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданының тұрғындарын қабылдап, өтініштерін тыңдады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 14 желтоқсан, 2023

Облыс тұрғындары күнделікті өмірде шешiмiн таппай жүрген мәселелерді өңір басшысына еркін жеткізе алады. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданында жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Ашық пікір алмасу өтіп, қордаланған мәселелер ортаға салынды. Қабылдауға құқық қорғау органдарының және облыстық басқарма басшылары мен өкілдері қатысып, оңтайлы шешілуіне атсалысты, деп хабарлайды Turkistan Today.


Қабылдауға жазылған Ащыбұлақ ауылының тұрғыны жеке кәсіпкерлігіне мемлекеттік грант қарастыруды сұрап, көп балалы аналарға жәрдем көрсету туралы ұсынысын жеткізді. Ал Рабат ауылының тұрғыны ауылдық округтерге ауыз судың үздіксіз берілмеуіне наразы. Қызылқия ауылдық округі, Айнатас ауылының азаматы спорт кешенін салуды сұрай келе, білім саласындағы заңсыздықтар да ортаға салынды. Сонымен бірге алдын ала түскен өтініштер қатарында шаруа қожалығының жер мәселесін шешіп беруді, ауыл әкімдігі тарапынан көмек ретінде берілген жердің құжаттарын заңдастыру, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталықтарды көбейту мәселелері де бар. Қабылдауда осы және өзге түйткілдер айтылды. 


Облыс әкімі Дархан Сатыбалды қабылдау барысында тұрғындардың сұрағына заң аясында тұщымды жауап беріп, көтерілген мәселелер бойынша тиісті мамандар мен сала басшыларына ертерек шешімін табуды тапсырды.


Айта кетейік, жыл басынан бері облыс әкімі тарапынан тұрақты түрде жеке қабылдау өткізіліп келеді.  Қабылданған азаматтар тарапынан айтылған өтініш пен ұсыныс-пікірлер негізінде хаттамалық тапсырмалар берілді.  


Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

632

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.