Дархан Сатыбалды шетелдік журналистермен кездесті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 23 наурыз, 2024

Киелі мекеннің туризмін насихаттауға 14 елден 20-ға жуық БАҚ өкілдері арнайы келді,- деп хабарлайды Turkistan.today порталы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Делегация құрамында Әзірбайжан, Германия, Испания, Корея Республикасы, ҚХР, Қырғызстан, Марокко, Өзбекстан, Польша, Сербия, Сингапур, Үндістан, Франция, Щвеция елдерінің журналистері бар. 

Бүгін бір топ шетелдік журналистер «Армысың, әз-Наурыз!» мерекелік іс-шарасына қатысты. Халқымыздың мәдениетімен танысып, қазақ дастарханынан дәм татты. Шара аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік журналистер мен блогерлермен кездесті.


Басқосуда сөз алған өңір басшысы Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының өткен тарихы  мен аймақтың дамуы жөнінде айтып, облыстың жетістіктерін, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар мен облысты дамыту жөніндегі ойлары мен жоспарларын жеткізді.

Кездесуде журналистер өз әсерлерін айтып, өңір туралы сұрақтар қойып, еркін форматта пікірлесті. 

Өңір басшысы облысқа қызығушылық танытқан қонақтарға алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыс етті.


Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін, көрнекті жерлерін кеңінен танытуға басымдық берілуде. Осы мақсатта Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен 21-22 наурыз аралығында шетелдік БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастыру жоспарланған болатын.  Делегация 20-21 наурыз күндері Арыстан баб және Қожа Ахмет Ясауи кесенелері, Отырар қалашығы, «Сапар» орталығы, «Аппақ Ишан» тарихи кешені, Ақмешіт үңгірі, «Керуен сарай» кешенін аралады. Сапар барысында 8D форматындағы «Алтын Самұрық» ұшатын театрда Қазақстанға виртуалды саяхат жасады. «Керуен сарайдағы»  айдында «Қыз  Жібек пен Төлеген»  этникалық қойылымын тамашалады. Одан бөлек, «Ұлы дала елі» орталығы мен «Фараб» кітапханасына экскурсия жасады. Тарихи қалпы сақталған, ерекше аймақ екенін айтып, таңданыстарын жасырмауда.   

Үш күн бойы өңірдің тынысымен жан-жақты танысқан қонақтар бүгін Бәйдібек ауданына барып, тылсымға толы Ақмешіт үңгірін аралайды.

Киелі мекеннің туризмін насихаттауға 14 елден 20-ға жуық БАҚ өкілдері арнайы келді. Делегация құрамында Әзірбайжан, Германия, Испания, Корея Республикасы, ҚХР, Қырғызстан, Марокко, Өзбекстан, Польша, Сербия, Сингапур, Үндістан, Франция, Щвеция елдерінің журналистері бар. 

Бүгін бір топ шетелдік журналистер «Армысың, әз-Наурыз!» мерекелік іс-шарасына қатысты. Халқымыздың мәдениетімен танысып, қазақ дастарханынан дәм татты. Шара аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды шетелдік журналистер мен блогерлермен кездесті.


Басқосуда сөз алған өңір басшысы Дархан Сатыбалды Түркістан қаласының өткен тарихы  мен аймақтың дамуы жөнінде айтып, облыстың жетістіктерін, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндады. Алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар мен облысты дамыту жөніндегі ойлары мен жоспарларын жеткізді.

Кездесуде журналистер өз әсерлерін айтып, өңір туралы сұрақтар қойып, еркін форматта пікірлесті. 

Өңір басшысы облысқа қызығушылық танытқан қонақтарға алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыс етті.


Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін, көрнекті жерлерін кеңінен танытуға басымдық берілуде. Осы мақсатта Сыртқы істер министрлігінің ұйымдастыруымен, Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен 21-22 наурыз аралығында шетелдік БАҚ өкілдеріне баспасөз турын ұйымдастыру жоспарланған болатын.  Делегация 20-21 наурыз күндері Арыстан баб және Қожа Ахмет Ясауи кесенелері, Отырар қалашығы, «Сапар» орталығы, «Аппақ Ишан» тарихи кешені, Ақмешіт үңгірі, «Керуен сарай» кешенін аралады. Сапар барысында 8D форматындағы «Алтын Самұрық» ұшатын театрда Қазақстанға виртуалды саяхат жасады. «Керуен сарайдағы»  айдында «Қыз  Жібек пен Төлеген»  этникалық қойылымын тамашалады. Одан бөлек, «Ұлы дала елі» орталығы мен «Фараб» кітапханасына экскурсия жасады. Тарихи қалпы сақталған, ерекше аймақ екенін айтып, таңданыстарын жасырмауда.   

Үш күн бойы өңірдің тынысымен жан-жақты танысқан қонақтар бүгін Бәйдібек ауданына барып, тылсымға толы Ақмешіт үңгірін аралайды.

694

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.