Департаменттің ықпалымен қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді

Фото: gov.kz
Фото: gov.kz
Түркістан 5 ақпан, 2025

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда,- деп хабарлайды turkistan.today

Осы орайда, Қазығұрт ауданының тұрғындарының   арызы   негізінде, аталған шағымдарды жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында тиісті мемлекеттік органға жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Анықталғандай, қызмет алушылармен трактор жүргізу құқығына куәлік және тракторға арналған мемлекеттік нөмірлік белгі алу туралы өтінішьер жолданып, тиесілі бөліммен «Құжаттар толық емес»деген негізбен қызмет көрсетуден бас тартылған.

Аталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру» қағидасымен реттеледі
(ҚР АШМ 30.03.2015ж. № 4-3/270 бұйрық).

Бұл ретте, Қағиданың 1-қосымшасының 9-тармағында бас тартудың негіздері нақты көрсетілген.

Дегенмен, қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту кезінде қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес емес негізсіз бас тартылған.

Өз кезегінде, тексеру барысында Департаменттің ықпалымен
бөлім тарапынан қызмет алушыларға трактор жүргізу құқығына куәлік және тракторға арналған мемлекеттік нөмірлік белгі ұсынылды.

Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша Департамент тарапынан тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бұзушылықтарды жою және алдағы уақытта болдырмау туралы ұсыныс енгізілді.

Айта кету қажет, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде құқықтарыңыз бұзылған жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментіне Жаңа қала ықшам ауданы 32 көше, 16 ғимарат мекен-жайы бойынша жазбаша түрде, не электрондық түрде «электрондық үкімет» порталы немесе «Е-Otinish» азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы және «Kenes 1414 officiall» тelegram-бот арқылы жүгіне аласыздар.

 

Дархан Аширханұлы  
СУРТЕКОВ  
Мемлекеттік қызмет істері  
агенттігінің Түркістан облысы  
бойынша департаменті  
басшысының орынбасары,  
Әдеп жөніндегі кеңес  
хатшылығының меңгерушісі

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.