Депутаттар өңірдегі спорт нысандарының құрылысымен танысты

Түркістан Бүгін, 16:51

Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған облыстық мәслихат депутаттары өңірде салынып жатқан бірқатар спорт нысандарының құрылысымен танысты,- деп хабарлайды turkistan.today

Халық қалаулыларына құрылыс басқармасы басшысының орынбасары А.Тұрханов спорт нысандарының жай-күйін таныстырды.
​Атап айтқанда депутаттар есу каналын, атшабар көпфункциялы спорт нысанын және Б.Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді.

Жалпы, «Түркістан қаласында спорт кешендері бар ескек есу каналының құрылысы» жобасын іске асыру 3 кезектен тұрады. Жобаның құрылысы 2021 жылы басталған.
​Есу каналы олимпиадалық стандартқа сәйкес жабдықталған. Су спорты түрлерінен оқу-жаттығу жиындары, Әлем және Азия біріншіліктері мен ірі халықаралық және республикалық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған.

Мұнда академиялық есу, триатлон, каноэде және байдаркада есу, желкенді спорт және жүзу спорт түрлері дамытылады.
Есу каналында 1000 орындық трибуна, эллинг, төреші мұнарасы, жағажай аймағы, көпір қарастырылған.

​Ал, атшабар көпфункциялы спорт нысанның құрылысы 2 кезеңнен тұрады. Құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.
​Алдағы уақытта мұнда жүйелі түрде ұлттық және халықаралық деңгейдегі бәйгелер ұйымдастыру, балалар мен жасөспірімдерге арналған жарыстар өткізілмек.
​Сонымен қатар, депутаттар Б.Саттарханов атындағы спорт кешенін аралап көрді. Спорт кешені оқу-жаттығу жиындарымен республикалық және облыстық деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған.
Мұнда бокс, дзюдо, еркін күресі, грек-рим күресі, баскетбол, волейбол, таэквондо, каратэ, қазақ күресі, асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат, самбо және үстел теннисі спорт түрлері дамытылады.

Спорт кешенінде жиналмалы 320 орындықты әмбебап спорт залы, бокс залы, күрес залы, таэквондо залы, ауыр атлетика және жаттығу залы, дәрігер кабинеті, 72 орындық конференц-зал, 48 орындық буфет, футбол және баскетбол алаңшалары бар.

Сондай-ақ, спорт кешені заманауи спорттық құрал-жабдықтармен қамтылған. Бір мезетте 200 спортшы жаттығу өткізе алады.
Халық қалаулылары спорт нысандарын аралап болған соң, Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде аралауды қорытындылап, жиын өткізді.

Мәслихат төрағасы Н. Әбішов және депутаттар спорт нысандарының сыртқы және ішкі туризмді дамутуға үлкен септігін тигізетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, тиісті басқарма басшыларына құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде сапалы аяқтап, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды және Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде орналасқан залдағы орындықтар санын көбейтуді ұсынды.
Жалпы, депутаттар атқарылған жұмыстарды оң бағалап өтті.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.