«Депутаттың айлығы жетпейді»: каникулға шыққан халық қалаулылары жазғы демалысты қайда өткізеді

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Саясат 1 шілде, 2023

Кеше, 30 маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, жиыннан кейін депутаттар жазғы демалысқа шығатыны белгілі болды. Бұл туралы Astana TV арнасы хабарлады. Телеарна мәліметінше, сайланғаннан кейін 100 күн жұмыс істеген депутаттар 3 бірлескен отырыс, cенаттың 12, мәжілістің 15 жалпы отырысына қатысқан, деп хабарлайды Turkistan Today.

Онда 120-дан астам мәселе қаралған. Осы ретте демалысқа шыққан мәжіліс депутаттары журналистің «депуттатар жазда қайда демалады» деген сауалына жауап берді. «Шетелге көп болды бармағалы. Шетелге өзім көп шығып тұрамын.

Сондықтан маған міндетті түрде шетелге шығу емес. Енді оны уақыт көрсетеді», — деді парламент мәжілісінің депутаты Данияр Қасқарауов.

Парламент мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов демалыстың бір айын Абай облысында өткізетінін атап өтті. «Шетелге ме? , мен ары кетсе Алакөлге барамын. Бұрын шетелге шамам келетін, қазір депутаттың айлығы оған жетпейді», — деді парламент мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов. Сонымен қатар депутаттар өздерінің атқарған жұмыстарына да баға берді.

«5 бағамен бағалайтын болсам, өзіме 3 деген баға қоямын. Енді енді ғана келдік қой. Жұмыс істегенімізге 3 ай болды. Кез келген салада 3 ай ол, менеджер ретінде де айтатын болсам, нәтиже көрсететін уақыт емес», — деді мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев. Парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов үкімет қорытындыларына қатысты бірқатар кемшілікті туралы атап өтті. «Депутаттардың түзетулері мен толықтыруларына үкімет қорытындысын қарау мерзімі тым ұзақ. Белгіленген тәртіп бар. Бірақ ол тәртіп көп жағдайда сақталмай отыр. Соның салдарынан кейбір заң жобаларының қабылдануы кідіріп тұр. Сондықтан Үкіметке қорытындыларды келісу рәсімін қайта қарау керек деп санаймыз. Біз жұмысымызды жаңа бастадық. Алдағы уақытта мемлекеттік органдар депутаттардың бастамаларын қараған кезде ведомстволық мүддемен шектелмеуге тиіс», — деді мәжіліс төрағасы.

1.6k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.