Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде «Конституциялық жаңғыру: құқықтық мемлекетке бастар жол» тақырыбында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Басқосуда сала мамандары жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын кеңінен талқылап, оның қоғам дамуына ықпалын түсіндірді.
Іс-шараға құқықтану кафедрасының меңгерушісі, философия докторы (PhD), доцент Айнұр Нурутдинова және Қазақстан халқы Ассамблеясы мен әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсембин қатысып, жиналған қауымға конституциялық реформаның мазмұны мен маңызын баяндады.
Кездесу барысында сарапшылар жаңа Конституция жобасында көзделген басты қағидаттарға тоқталды. Атап айтқанда, адам құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, заң үстемдігін нығайту, қоғамдық тәртіп пен әр азаматтың жауапкершілігін арттыру мәселелері кеңінен қозғалды.

Үмбетхан Сәрсембин өз сөзінде реформаның ел бірлігін бекемдеуге бағытталғанын атап өтті. Оның айтуынша, жаңа жоба адам капиталының дамуына айрықша мән береді. Әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа жанашырлық сияқты құндылықтар Ата Заң деңгейінде бекітіліп отыр. Сонымен қатар тәуелсіздік, ұлттық мүдде, ұлттық құндылықтарды сақтау, азаматтардың өмір сүру құқығын қамтамасыз ету, білім мен ғылымды дамыту, дарынды жастарды қолдау бағыттары басымдыққа ие.
Спикерлердің пікірінше, құқықтық мәдениетті көтеру арқылы қоғамда сенім мен тұрақтылықты нығайтуға болады. Ғылым мен білім саласына қолдау көрсету еліміздің инновациялық әлеуетін арттырып, инвестициялық тартымдылығын күшейтеді.
Өз кезегінде Айнұр Нурутдинова Конституция жобасының тұжырымдамалық негіздеріне тоқталып, оның ерекшеліктерін жан-жақты түсіндірді.
Кездесу соңында қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, алдағы референдумға белсенді қатысуға ниетті екендерін білдірді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.