«Достық үйінде» аналар ардақталды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 7 наурыз, 2025

Түркістандағы «Достық үйінде» облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің «Арулар асыл жандар – шуақ боп шашылғандар» атты мерекелік шарасы өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Мерекелік жиынға облыстық, аудан, қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңестері мен этномәдени бірлестіктердің төрайымдары, мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. 

Іс-шарада сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев әйелдер қауымын мерекемен құттықтап, олардың еңбектеріне табыс­тар тіледі.

Басқосуда облыстық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Гүлсара Тоққұлова қоғамдағы аналардың рөлі мен жауапкершілігі жайында сөз етсе, ұлағатты ана Ақбаян Жақыпова «Аналар өнегесі – ұрпаққа аманат» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. 

Жиын барысында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан ел ынтымағын сақтауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға белсене атсалысып жүрген аналар қауымына сый-құрмет көрсетілді.

Шара соңында мәдениет саласының өнерпаздары концерттік бағдарлама ұсынып, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.