“Ең бастысы – сапа“: Нұралхан Көшеров Түркістандағы жолдардың құрылысымен танысты

Түркістан Бүгін, 12:18

Биыл Түркістанда 159 көшеге жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінде оның 79-ында құрылыс толығымен аяқталып, пайдалануға берілді.Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қала аумағындағы бірқатар маңызды нысандарды аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты,- деп хабарлайды turkistan.today

Сондай-ақ әкім Ойсыл қара және Шаян көшелерімен жаяу жүріп өтіп, құрылыс сапасын тексерді. Жергілікті тұрғындармен тілдесіп, олардың пікірлерін тыңдады. Нұралхан Көшеров мердігер компанияларға нақты тапсырмалар беріп, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасына ерекше мән беруді, жолдардың тұрғындар үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз болуын басты талап ретінде атап өтті.

– Ең бастысы – сапа. Тұрғындардың жайлылығы мен қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында. Сондықтан әрбір жұмыс уақтылы әрі сапалы орындалуы тиіс, – деді облыс әкімі.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.