Егіс науқаны – 2025: науқанның белгіленген мерзімде аяқталуы, дақылдарды әртараптандыру және шаруаларды қолдау жүйесіндегі жүйелі өзгерістер

Түркістан 9 маусым, 2025

Елімізде 2025 жылғы көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Биылғы егіс жұмыстары диқандар үшін жаңа жағдайда өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қаржыландыру тетіктерін қайта қарап, жаңа тәсілдер енгізді. Осы жылдан бастап шаруалар үшін жеңілдетілген несиелер 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап қолжетімді болды. Бұған дейін мұндай қаржыландыру наурыз айында – егіс науқаны басталған сәтте ғана қолжетімді болатын. Жаңа тәртіп шаруаларға қажетті ресурстарды алдын ала сатып алуға мүмкіндік берді.

Мемлекеттік қолдау шараларының, ауыл шаруашылығы өндірушілерінің және жергілікті атқарушы органдардың үйлесімді жұмысының арқасында көктемгі егіс жұмыстары агротехникалық мерзімдерге сәйкес атқарылды. Бұл тәсіл негізгі дала жұмыстарын уақытынан бұрын орындауға, стратегиялық маңызы жоғары дақылдардың егіс көлемін ұлғайтуға және материалдық-техникалық базаны тиімді жаңғыртуға мүмкіндік берді. Осылайша, ауыл шаруашылығы саласын әрі қарай дамытуға және мол өнім алуға берік негіз қаланды.

Аталған шолу материалында дала жұмыстарының жүргізілу қарқыны, пайдаланылған егіс алқаптарының көлемі, негізгі астық егетін өңірлердегі серпін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірушілерінің материалдық-техникалық ресурстармен қамтамасыз етілуінің негізгі көрсеткіштері бойынша өзекті ақпарат ұсынылған.

Әртараптандыру мен тиімділікке басымдық

2025 жылғы көктемгі егіс науқаны елімізде жер өңдеу тәсілдерінің өзгеруі жағдайында өтті. Негізгі назар ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру мен монодақылдарға тәуелділікті азайтуға аударылды. 6 маусымдағы мәліметке сәйкес, 23,7 млн гектар немесе жоспарланған көлемнің 100%-ы егілді.

Егіс алқаптарын неғұрлым тиімді әрі тұрақты дақылдарға қайта бөлуге ерекше көңіл бөлінді. Бұл ауыл шаруашылығын климаттық тәуекелдерге бейімдеуге ғана емес, сондай-ақ ғылыми негізделген ауыспалы егіс нормаларына сүйене отырып, нарықтық үрдістерді ескеруге мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, сұранысқа ие дақылдар алқаптары ұлғайды:

• майлы дақылдар – 3,4 млн гектар (өткен жылмен салыстырғанда 0,5 млн гектарға артық);

• мал азығы дақылдары – 3,3 млн гектар (плюс 114 мың гектар);

• дәндік жүгері – 167,5 мың гектар;

• көкөніс-бақша дақылдары – 222,3 мың гектар.

Сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар дақылдар бойынша да оң динамика байқалды: картоп алқаптары 83,4 мың гектарды құрады – бұл өткен маусыммен салыстырғанда 11,3 мың гектарға артық.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.