Екі пойыз соқтығысып, төрт адам қаза тапты

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әлем 11 қаңтар, 2024

Индонезияның Батыс Ява провинциясында екі пойыздың соқтығысу салдарынан төрт адам қаза тауып, 42-сі жарақат алды, деп Turkistan Today хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Елдегі көлік министрлігінің өкілінің мәліметінше, апат өткен жұмада жергіліктің уақыт бойынша таңғы 6:03-те болған. Алыс жолға жүретін пойызбен қала маңына қатынайтын пойыз соқтығысқан. Батыс Ява провинциясының полиция өкілі Ибрагим Томпоның айтуынша, екі пойызда 478 жолаушы болған.

MetroTV және Kompas TV жергілікті телеарналарын түсірген видеоматериалдардан пойыздардың бірнеше вагоны рельстен шығып кеткенін байқауға болады. Екі пойыздың да алдыңғы вагондары қирап қалған.

Қайтыс болған төрт адам пойыз қызметшілері: қала маңына қатынайтын пойыздың машинисі және оның көмекшісі, ал экспресте стюард пен күзетші қайтыс болған. Олар вагондар арасында қысылып қалған. Барлық жолаушылар пойыздардан шығарылып, жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

2.8k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.