Шәкәрім университеті татар бауырлармен ынтымақтастық арттыруда

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әлем 31 наурыз, 2024

Былтыр Абай өңірінің халықаралық ынтымақтастық саласында маңызды оқиға болды,- деп хабарлайды turkistan.today.

Абай облысының әкімі Н.Ұранхаев бастаған делегация өкілдері сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мақсатында Татарстан Республикасына жұмыс сапарымен барып қайтты.

 Екі ел арасындағы сапар нәтижесінде бүгін Қазақстан мен Ресей ЖОО ректорларының «Жоғары білім мен ғылымның өзекті тенденциялары» екінші форумы аясында Қазан федералды университеті мен Shakarim University өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды.

 Қазан федералды университеті – 220 жылдық тарихы бар Ресейдегі ең көне университеттердің бірі және Татарстанның негізгі білім беру орталығы болып табылады.

 Басты мақсатхалықаралықынтымақтастықты дамыту жәнеуниверситеттер арасындағы байланыстынығайту. Келісім арқылы қос университет бірлескен академиялық, ғылыми-зерттеу, білімберу бағдарламаларының алмасуына жаңаперспективалар ашуды көздейді.

Shakarim University мен Қазан федералды университеті келесі бағыттар бойынша бірлескен жобаларды атқаратын болады:

Бүгінде Еділ бойында орналасқан оқу ордасының контингент саны 47 000 құрайды. Қазақстан мен Қазан федералды университет арасындағы байланыс 19 ғасырдан бастау алады. Бөкей Ордасының соңғы ханы Жәңгір аталған оқу орнына 9 қолжазба тарту еткен.

Мұндай келісімдер көкжиекті кеңейтуге және білім беру ортасын байытуға септігін тигізеді, сондай-ақ екі ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

 

 

2.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.