Эквадорда бетон өндірісіне кокаинді қоса бастады

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Әлем 24 ақпан, 2023

Эквадорда есірткі сатушылардан тәркіленген тыйым салынған препаратты кәдеге жарату үшін бетонға қосыла бастады. Себебі оны сақтауға қоймаларда орын жеткіліксіз. 
2021 жылы тәркіленген есірткінің салмағы 210 тоннадан асыпты. Ал бір жыл бұрынғысы одан екі есе көп, деп хабарлайды Turkistan Today.


2022 жылы Эквадорда 130 тоннадан астам түрлі есірткі заттары тәркіленіп, кәдеге жаратылғанға дейін 27 полиция қоймасында сақталыпты. Алайда енді шамадан тыс ұнтақты сақтау мүмкін болмай тұр екен. 


Сондықтан инкапсуляция әдісін қолданғанды жөн санапты.  Оған кокаин брикеттерін басқа қалдықтармен бірге ұнтақтауды және алынған ұнтақты құм мен сумен бірге цементке қосады.Эквадор полициясының есірткіге қарсы күрес бөлімінің басшысы Пабло Рамирестің мәлімдеуінше, бір тонна кокаинді жағу үшін шамамен 12 сағат қажет, ал инкапсуляцияға үш сағаттан аз уақыт кетеді.
"Бұл процедура арзанырақ, аз уақытты алады және қоршаған ортаға онша әсер етпейді", — деді ол.


Жақын арада бетонға шамамен 83 тонна кокаинді ұнтақтау және араластыру жоспарлануда, алынған материалды құрылыста қолдануға болады.

1.4k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.