Елдімекендердегі ортақ жайылымның тапшылығын жою жұмыстары жалғасып жатыр

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Түркістан 21 маусым, 2023

Түркістан облысында елдімекендердегі жергілікті халықтың шаруашылығындағы мал басына қажетті ортақ жайылымның тапшылын жою жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды Turkistan Today.


Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы бағыттағы тапсырмасының орындалу барысы туралы таяуда Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығынмен өткен апталық аппарат жиынында талқыланды. 


Түркістан облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілегеннің айтуынша, есепті мерзімге аудан, қала әкімдіктері тарапынан 110,5 мың га жайылым жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Сонымен қатар шалғайдағы маусымдық жайылымдарды ұйымдастыру мақсатында босалқы жердегі жайылымдарды шалғайдағы жайылымға бекіту бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда, Келес ауданы Жамбыл ауылдық округі бойынша шалғайдағы жайылымға шығару жобасы әзірленіп, жұмыстары атқарылуда.


2023 жылға ортақ жайылым көлемін 2 бағыт бойынша 1 015,0 мың га ұлғайту жоспары бекітіліп, аудан, қала әкімдіктеріне тапсырма берілген. Бірінші бағыт бойынша 333,2 мың га жер учаскелерін мемлекет меншігіне ортақ жайылымға қайтару көзделген. Екінші бағыт бойынша жалпы ортақ жайылым қажеттілігінен 681,8 мың га төмендету, яғни елдімекендегі мал бастарын шалғайдағы маусымдық жайылымдарға шығаруды ұйымдастыру және аудандарда мал бордақылау алаңдарын және отбасылық сүт фермаларын құру бағыттарында жұмыстар жүргізу жоспарланған. 


Жер учаскелерін қайтару жұмыстары облыс әкімдігімен бекітіліп, кестеге сәйкес жүргізілуде. Ортақ жайылымға қайтарылған жер учаскелерін 2023 жылға бекітілген жоспардың орындалуы тұрақты бақылауға алынып, жыл қорытындысымен толығымен орындалатын болады.


2022 жылы елді мекендердегі ортақ жайылым көлемін 1 012,0 мың га ұлғайту жоспарланып, жыл қорытындысымен елді мекен тұрғындары 1 034,8 мың га ортақ жайылыммен қамтамасыз етілді. 
Ауыл шаруашылығы саласы – экономикамыздың басты драйвері. Сондықтан бұл саланы дамыту да, халыққа қолайлы жағдай жасау өте маңызды. Бұл мәселе тұрақты бақылауда.


Арын ТОТИКОВ,
Келес ауданы Ақтөбе ауылдық округі әкімінің кеңесшісі

891

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.