Елімізде 200-ден аса ет өңдеу кәсіпорны бар

Жаңалықтар Бүгін, 13:43

Қазақстанның ет өңдеу саласы оң даму динамикасын көрсетуде. 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде 213 ет өңдеу кәсіпорны жұмыс істейді, оның ішінде 34-інде сою цехтары бар, ал 179-ы — шағын және орта кәсіпорындар,- деп хабарлайды turkistan.today

2024 жылдың қорытындысы бойынша, барлық түрдегі еттің сойыс салмағындағы өндіріс көлемі шамамен 1,2 млн тоннаны құрап, 4,3%-ға артты. Соның ішінде ірі қара мен ұсақ малды өңдеу көлемі 270 мың тоннаға жетіп, 2023 жылмен (230 мың тонна) салыстырғанда 17%-ға ұлғайды.

Жаңа және салқындатылған ет өндірісі 5%-ға өсіп, 79,9 мың тоннадан 83,8 мың тоннаға жетті. Шұжық өнімдері өндірісі 5,2%-ға артып, 68,4 мың тоннадан 71,9 мың тоннаға дейін көбейді. Ет консервілері өндірісі 4,9%-ға өсіп, 5,9 мың тоннадан 6,2 мың тоннаға жетті.

2025 жылы да бұл өсім жалғасуда. Жылдың алғашқы үш айында: барлық түрдегі ет өндірісі — 2,8%-ға, қосалқы өнімдер — 20%-ға, шұжық өнімдері — 12,6%-ға, ет консервілері — 34,6%-ға артты.

Ет өнімдері экспорты да айтарлықтай өсті. 2024 жылы: 22,1 мың тонна сиыр еті, 17,5 мың тонна қой еті экспортталды.

Негізгі экспорт бағыттары: Өзбекстан — 20,7 мың тонна сиыр еті және 13,9 мың тонна қой еті, БАӘ — 1,2 мың тонна қой еті, Иран — 1,2 мың тонна қой еті.

2025 жылдың алғашқы екі айында: сиыр және қой етінің экспорты — 2 есеге, шұжық өнімдерінің экспорты — 2,7%-ға, ет консервілерінің экспорты — 3,6 есеге артты.

Саланы қолдау мақсатында мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Атап айтқанда: өндірісті жаңғырту және жаңа кәсіпорындар салуға салынған инвестициялық шығындардың 25%-ына дейін өтеу, айналым қаражаты мен негізгі құралдарға берілетін несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау қарастырылған.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.