Әлемнің әр түкпірінен жиналған мектеп оқушылары Алматыда жасанды интеллект саласындағы білімдері мен практикалық дағдыларын ортаға салды. FAIO 2026 халықаралық олимпиадасының финалына 16 елден 47 команда қатысып, 11 млн теңгелік жүлде қоры сарапқа салынды.
Биыл үшінші рет ұйымдастырылған олимпиада өзінің қатысушылар саны бойынша рекордтық көрсеткішіне жетті. Алдын ала іріктеу кезеңінде 28 елден шамамен 1500 оқушы бақ сынаған. Финалға өткен командалар үш күн бойы машиналық оқыту, деректерді талдау және бағдарламалау бойынша күрделі тапсырмаларды орындады.
Сайыс бағдарламасы жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялар саласындағы нақты міндеттерді қамтыды. Қатысушыларға ұсынылған есептер олардың теориялық дайындығымен қатар, мәселені талдау және нәтижелі шешім ұсыну қабілетін де бағалауға мүмкіндік берді.
Олимпиаданың бас серіктесі — activ брендімен жұмыс істейтін «Кселл» АҚ.
Компанияның корпоративтік байланыстар бөлімінің басшысы Байрам Азизовтың айтуынша, FAIO үш жылдың ішінде жергілікті жобадан халықаралық деңгейдегі таланттарды біріктіретін алаңға айналған.
«Осындай бастамаларды қолдау Қазақстанда және одан тыс жерлерде технологиялар мен цифрлық экономиканы дамытатын жаңа буын мамандарының қалыптасуына ықпал етеді», — деді ол.
FAIO олимпиадасының идея авторлары әрі бастамашылары — жасанды интеллект саласының сарапшылары Қуаныш Өтеу мен Әділхан Тоқтағанов. Жоба мектеп жасынан бастап технологияға қызығатын дарынды жастарды анықтап, олардың қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Олимпиада тапсырмаларын AI саласындағы тәжірибелі мамандар мен зерттеушілер әзірлейді. Қатысушылардың жұмыстары шешімдердің тиімділігі мен алынған нәтижелердің сапасы негізінде бағаланады. Жоба инженерлік ойлауды, зерттеу дағдыларын және жаңа технологияларды меңгеруге деген қызығушылықты дамытуға мүмкіндік береді.
+ 7 775 186 2113
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2026
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.