Емхана ұжымымен кездесу

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Сайлау 2023 9 наурыз, 2023

AMANAT партиясы трансформациядан өтіп, 70 пайызға жаңарды. Жаңа құрамда әйелдер мен жастар саны да аз емес, деп Turkistan.today хабарлайды. 

Отыз жылдық тарихы бар іргелі саяси құрылым ел көлемінде өтіп жатқан сайлауалды шаралар легін Атырау өңірінде де өз деңгейінде жалғастыруда.

Партия атынан алдағы сайлауға қатысатын кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстарын өткізудегі негізгі мақсаты – халықтың талап-тілегіне негізделген сайлауалды бағдарламаны таныстыру. Дәл осы миссияны көздеген облыстық сайлауалды штабтың бір топ мүшелері бүгін қаладағы №2 емхана ұжымымен кездесті.

Басқосу барысында сайлау додасына қатысты жаңашылдықтар кеңінен түсіндірілді. Оған қоса, AMANAT партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы, оның 10 тарауы талданып, нақты нәтижелер туралы айтылды.  

Тұрғын үйге қол жеткізу, баспаналы болу – маңызды мәселе. Сала мамандарын толық қамту мүмкін еместігін атаған ұжым мүшелері таяуда облыс көлемінде жүзеге асырылған «Атырау жастары» бағдарламасы туралы мәселе көтерді. «Біздің емхана сенімгерлік басқаруға берілген. Жаңа бағдарламаға құжаттарын тапсырған әріптестеріміздің көпшілігіне «Мемлекеттік мекемеге жатпайсыздар» деген себеппен, құжаттарын қабылдамады» дейді олар. Рас, аймақтағы түрлі салада еңбек ететін жастарды баспанамен қамту мақсатын көздеген аймақтық бағдарламаға ақпан айында құжаттар қабылданды. Қазір олар қарастырылу үстінде. Нақты нәтиже содан кейін белгілі болмақ.

Бұған қоса, денсаулық сақтау саласына қатысты өзге де түйткілді мәселелер кеңінен айтылды. Мәселен, бұл бағыттағы нақты нәтижелердің бірі – таяу бес жылдықта облыс аумағында 20 денсаулық сақтау нысанын салудың жоспарлануы.

Тапсырыс беруші: AMANAT партиясының Атырау облыстық филиалы AMANAT партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатынан төленді

1.2k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.