«Ерке жол ашты»: Ақбота Сейітмағамбеттің суреті қызу талқыға түсті

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Шоубизнес 29 маусым, 2023

Отандық әнші әрі актриса Ақбота Сейітмағамбет әлеуметтік желідегі парақшасында романтикалық сурет жариялап, оқырмандарының ойын сан-саққа жүгіртті, деп Turkistan Today хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бұған дейін де Ақбота Сейітмағамбет той көйлегін киіп, бейтаныс ер азаматпен түскен суретін салған. Оқырмандар әншінің жанындағы ер адамның кім екенін анықтауға кіріскен, кейбіреулері мұны бейнебаяннан үзінді десе, екіншілері актриса шынымен де тұрмысқа шыққан деп болжап отыр.

«КешYOU» тобының бұрынғы солисі тағы бір сурет салып, Қазнетті тағы бір шулатып қойды. Бұл жолы Ақбота жанындағы жігіт екеуінің артқы жақтан түсірілген суретін жариялады. Екеуі қол ұстасып кетіп барады. Ал суреттің астына былай деп жазған:

Сенің қасыңда тыныштықтың өзінде көп мән бар.

Оқырмандардың барлығы әншіге бақыт тілеп жатса, кейбіреулер Ерке Есмаханның қыздарға жол ашқанын жазып жатыр.

«Биыл бәрі күйеуге шығып кетсін, Ерке жол ашты ғой», «Бақыттарың баянды, тағдырларын аяулы болсын айналайын, Ботажан», «Әрбір адам екінші мүмкіндікке лайық», - деп жазды.

1.5k

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.