ҚХА-ның 30 жылдығы: Түркістан облысында этнос өкілдері арасында «Ақыл-ой» зияткерлік сайысы өтті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 8 мамыр, 2025

Спорттық шарада сөз алған «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева елдегі татулықты көздің қарашығындай сақтау әрі нығайту – мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты екенін атап өте келе, барша қатысушыларға сәттілік тіледі,- деп хабарлайды turkistan.today

Тартысты өткен сайыста үстел теннисінен сайрамдық Эрали Абдукадиров қарсылас шақ келтірмей чемпион атанды. Ал сарыағаштық Назил Авдулов 2-ші, саурандық Ғани Налибеков 3-орынға ие болды. Шахмат сайысында жетісайлық Анвар Нұрмұратов жеңімпаз атанды. Бұл сайыста 2-орынды мақтааралдық Миробид Рабиев, 3-орынды саурандық Алишер Мамидов иеленді. Сондай-ақ тоғызқұмалақтан саурандық Данияр Турметов топ жарды. Бұл сайыста 2-орынды кентаулық Бахрам Базарбаев, 3-орынды түлкібастық Даштемир Шимшилов алды. «Үздік қатысушы» номинациясына сайрамдық Шолпан Сихымбаева ие болды. 

Жарыстың қорытындысында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатталып, оларға қаржылай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.